Баспасөз хабарламасы Мәскеу қ. 17.10.2024ж.
KMG PetroChem және Cибур қазақстанның мұнай-газ-химия саласын дамыту үшін ҒЗТКЖ саласындағы ынтымақтастықтың перспективаларын талқылады
«KMG PetroChem» ЖШС Сибурмен бірлесіп Сколководағы «СИБУР ПолиЛаб» полимерлерден өнімдерді өндіру мен сынақтан өткізу зерттеу орталығына қазақстандық делегацияның сапарын ұйымдастырды.
Делегация құрамына ҚР Энергетика министрлігінің, «Silleno» ЖШС, «KPI.» ЖШС және Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Ұлттық ғылым академиясының өкілдері енді.
Сапар барысында Қазақстанның мұнай-газ химиясы саласын дамытуға бағытталған ғылыми-зерттеу және тәжірибелік-конструкторлық жұмыстар (ҒЗТКЖ) саласындағы ынтымақтастық мүмкіндіктері және мұнай-газ химиясы өнеркәсібі үшін пайдалану персоналын даярлау және олардың біліктілігін арттыру мәселелері талқыланды.
Делегация «СИБУР ПолиЛаб» технологиялық процестерімен, дайын өнім мен шикізатты сынақтан өткізу әдістерімен танысты, сондай-ақ орталықтың зертханаларына барды.
Полилаб орталығының құрылуы және жұмыс істеу тәжірибесі негізге ала отырып, Қазақстанда жеке ҒЗТКЖ құру мәселесі талқыланды.
«KMG PetroChem» ЖШС базасында полимер шикізатын қайта өңдеуді ынталандыруға және импортты алмастыруға бағытталған полимерлерді стратегиялық дамыту және маркетингі орталығы (Жобалау офисі) құрылғанын атап өткен жөн. Полимерлерді қайта өңдеушілер нарығының ағымдағы жай-күйін талдау және оның өсуі үшін негізгі бағыттарды айқындау міндеттердің бірі болып табылады, бұл қазақстандық өнімнің бәсекеге қабілеттілігін арттыруға және ішкі нарықта да, сондай-ақ сыртқы нарықта да сұранысты қанағаттандыруға жағдай жасайды.
Қазақстандық өңдеушілермен жұмыс істеуге ерекше көңіл бөлініп отыр. Қазақстанның өңірлеріне көшпелі іс-шаралар жоспарлануда, сондай-ақ «СИБУР ПолиЛаб» мүмкіндіктері ұсынылатын және жаңа технологиялық маркалық түржинағын жасау үшін инновациялық технологияларды енгізу арқылы Қазақстанда полимерлік өнімді қайта өңдеушілерді қолдау бағыттары талқыланатын болады.
Сондай-ақ нарыққа бағалы ұсыныс беру аясында қолжетімді клиенттік сервистермен танысу мақсатында Сколководағы Полилабқа баратын қайта өңдеушілердің тізбесін жасау жоспарланып отыр.
Аталған іс-шаралар білім, тәжірибе алмасу, реттеу саясатын және мемлекеттік қолдау шараларын жетілдіру үшін диалогтық платформа құрады, бұл Қазақстанда полимерлерді қайта өңдеу өнеркәсібін дамытуға ықпал етеді.