ЖОЛ ҚҰРЫЛЫСЫНДА ПОЛИМЕРЛІК ШЕШІМДЕРДІ ҚОЛДАНУ МӘСЕЛЕСІ KMG PETROCHEM-ДЕГІ ДӨҢГЕЛЕК ҮСТЕЛДЕ ТАЛҚЫЛАНДЫ

               2025 жылғы 20 наурызда Астанада «KMG PetroChem» ЖШС кеңсесінде «Жол құрылысына арналған полимерлік шешімдер: геосинтетика және асфальттыбетонды модификациялау, полимер-битумды байланыстырғыштар (ПББ). Қолдану тәжірибесі, сын-қатерлер және шешімдер» тақырыбында дөңгелек үстел өтті. Іс-шараға мемлекеттік органдардың, салалық институттардың, жол-құрылыс материалдарын өндірушілердің басшылары, сондай-ақ геосинтетика мен асфальттыбетон жабындарын модификациялау саласындағы техникалық мамандар қатысты.

                Жол құрылысында полимерлік технологияларды қолдану аса өзекті, өйткені олар жол жабындарының беріктігін, ұзақ мерзімділігін және сыртқы әсерлерге төзімділігін айтарлықтай арттыруға мүмкіндік береді. Бүгінде Қазақстанда бастапқы полимерлер өндірісі бойынша бірнеше ірі мұнай-газхимиясы жобалары жүзеге асырылуда, олардың қатарында полиэтилен, бутадиен, полиэтилентерефталат өндірісі бар.

                «Аталған жобалар ішкі нарықты сапалы полимер материалдармен қамтамасыз етіп қоймай, халықаралық деңгейге шығуға мүмкіндік береді. Қазіргі негізгі міндетіміз – ел ішінде шикізатты тиімді өңдеуді жолға қою. Өзіндік ресурстарды барынша пайдалана отырып, дайын өнім өндіру экономиканы нығайтуға, жаңа жұмыс орындарын ашуға және саланың технологиялық деңгейін арттыруға ықпал етеді», – деп атап өтті «KMG PetroChem» ЖШС Басқарма төрағасының бизнесті дамыту жөніндегі орынбасары Диаз Диянов._mg_9079.jpg

                Қазақстанда жол құрылысында полимерлік шешімдерді жолдардың жүк кернеуі жоғары учаскелерінде белсенді енгізуге ниетті. ҚР Көлік министрлігі Автомобиль жолдары комитеті төрағасының орынбасары Бақтияр Жамбыл өз баяндамасында атап өткендей, бұл үшін Солтүстік Қазақстан және Ақтөбе облыстарында тәжірибелік учаскелер қарастырылған. Қатысушылар сонымен қатар полимерлік шешімдердің жолдардың беріктігі мен пайдалану сипаттамаларына әсерін, заманауи технологияларды енгізуді, сондай-ақ отандық геосинтетика өндірісін дамытуды және материалдарды стандарттау қажеттілігін талқылады. Сонымен қатар, материалдардың сапасын бақылау және импортты алмастыру мәселелері сияқты сала алдында тұрған сын-қатерлер айтылды.

                «ҚазжолҒЗИ» АҚ мен СИБУР компаниясы битумды байланыстырғыштар мен асфальттыбетонды модификациялау бойынша жүргізген зерттеулері және тәжірибелерін бөлісті. Сондай-ақ, СИБУР мамандары өндірісті кеңейту аясында жоспарланған жаңа полимерлер және РФ-те осы саладағы өнімдерді қолдану кезінде жасанды тауарлармен күресу тәжірибесі туралы ақпарат ұсынды.

                Іс-шара қорытындысы бойынша мемлекеттік органдар мен геосинтетика және ПББ өндірушілері арасындағы ынтымақтастықты нығайту туралы шешім қабылданды. Сапа стандарттарын әзірлеу, инфрақұрылымдық жобаларға полимерлік шешімдерді енгізу, жол-құрылыс материалдарының отандық өндірісін жаңғырту бойынша бірлескен жұмыс жүргізу туралы уағдаластықтарға қол жеткізілді.

                Дөңгелек үстел аясында «KMG PetroChem» ЖШС мен «ҚазжолҒЗИ» АҚ арасында ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды, бұл құжат саланы дамыту жолындағы маңызды қадам болмақ._mg_9088.jpg

FaLang translation system by Faboba