Бүгін Атырау қаласында «Экологиялық диалог: Атырау қаласында терефтал қышқылы мен полиэтилентерефталат өндіретін зауытты салу жобасы ы бойынша экологиялық зерттеу» атты тақырыпта дөңгелек үстел өтті.
Дөңгелек үстелдің қатысушылары – жұртшылық өкілдері, облыстық және қалалық мәслихаттың депутаттары, сондай-ақ қоршаған ортаны қорғау саласындағы ғалымдар.
Дөңгелек үстелдің мақсаты – ТФҚ/ПЭТФ жобасын таныстыру және болашақ зауыттың ықтимал орналасуы бойынша талқылау өткізу.
Дөңгелек үстел барысында «KMG PetroChem» ЖШС-ның көзделіп отырған қызметі туралы ақпарат, ықтимал орналасуы туралы деректер, көзделіп отырған қызметтің қоршаған ортаға әсер етуінің болжамды түрлері, қоршаған орта мен әлеуметтік-экономикалық ортаның өзгерістерін талдау берілді, өндірістік қызмет нәтижесінде күтілетін қоршаған ортаның өзгерістерін кешенді бағалау ұсынылды.
Жобалық құжаттарды әзірлеу алдында және зауыттың орналасқан жерін дәл анықтау үшін экологиялық мәселенің маңыздылығын ескере отырып, дөңгелек үстел өткізілді. Нәтижесінде, жұртшылықтан болашақ зауытты жобалау, салу және пайдалану кезінде ескерілетін ұсынымдар алынды.
KMG PetroChem өкілдері ТФҚ/ПЭТФ жобасы Инвестициялық комитеттің шешімімен перспективалы жоба ретінде ҚМГ портфеліне енгізілгенін түсіндірді.
Қазіргі кезде «Бағалау» кезеңінде тұр. Экологиялық және маркетингтік зерттеулер жүргізілді. ТФҚ және ПЭТФ бойынша лицензиялық технологиялардың жеткізушілері алдын ала анықталды.
Анықтама
ПЭТФ ең көп сұранысқа ие полимерлердің бірі болып табылады. Ол жоғары механикалық беріктігі мен соққы төзімділігіне ие, созылу мен иілу кезінде қажалу және бірнеше деформацияға төзімді, судың әсеріне ұшырамайды. Материал ешқандай органикалық еріткіштерге әсер етпейді және температуралардың жұмыс диапазоны -40 С бастап +60 °С дейін.
ПЭТФ қолданылуы өте кең: сусындарға арналған қаптама, тамақ қаптамасы шығарылады, маталар, техникалық жіптер, рентген және бейне үлдір, автоқұрамдауыштар, медициналық мақсаттағы бұйымдар дайындалады.
«Бағалау» кезеңі аяқталғаннан соң іске асыру мерзімі, өндіру қуаты, сондай-ақ жобаның құны айқындалатын болады.
«ТФҚ/ПЭТФ» жобасын іске асыру қолда бар шикізаттың (параксилолдың) негізінде технологиялық тізбекті ұзарту есебінен Қазақстанның мұнай-газ-химия саласын дамытуды жалғастыру болып табылады.
ТФҚ/ПЭТФ жобасы қосымша жұмыс орындарын құру және инвестициялар ағыны есебінен бүкіл өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуына барынша оң әсер ететін болады.
Анықтама &mdashl спикерлер:
- 1) Диянов Диаз, «KMG PetroChem» ЖШС Басқарма төрағасының бизнесті дамыту жөніндегі орынбасары;
- 2) Арапов Ерлан, Перспективалық жобалар департаментінің директоры.