Қазақстан Республикасының Конституциясы күні және Мұнай-газ кешені қызметкерлері күні қарсаңында «KMGPetroChem» ЖШС ғимаратында  салтанатты жиын өтті. Шара аясында «Қазақстан мұнайына 125 жыл» мерейтойлық медальдарымен келесі қызметкерлер марапатталды:

«Қазақстан мұнайына 125 жыл» мерекелік медалімен:

Кисембаев Нұрбол Ақылбекұлы – Келісімшарттар департаментінің директоры

Соломянко Алексей Владимирович – Технология және жобалау басқармасының бастығы

Алмаз Кәрменұлы Сүлейменов – Инженерлік жобалау басқармасының бастығы

Самалиева Лиза Жолжанқызы –Инженерлік жобалау басқармасының жетекші инженері

Қожахметов Марат Манапұлы –Инженерлік жобалау басқармасының жетекші инженері

Жақашев Әділет Маратұлы – Инженерлік жобалау басқармасының жетекші инженері

Бұл марапаттар қызметкерлердің кәсіпқойлығы мен еліміздің мұнай-газ кешенін дамытуға қосқан елеулі үлесіне берілген жоғары баға болып табылады. Басқарма төрағасы марапатталғандарға ерен еңбегі мен компанияға деген адалдығы үшін шексіз алғысын білдірді.

«KMG PetroChem – бұл команда, біз бүгін ортақ жеңісіміздің бір бөлігі ретінде сіздердің жетістіктеріңізді атап өтудеміз. Жаңа белестерге бірге ұмтылып, бұдан да үлкен жетістіктерге жете берейік», - деді Басқарма төрағасы Дастан Абдулғафаров.

FaLang translation system by Faboba