Мемлекет басшысының БАӘ сапары шеңберінде 2017 жылы 15-16 қаңтар аралығындағы кезеңде Қазақстанда полиэтилен өндіру жобасын бірлесіп іске асыру мүмкіндігін зерттеу бойынша уағдаластыққа жоғары деңгейде қол жеткізді.
2017 жылдың 23 мамырында Қазақстан Республикасының Президенті Н. Ә. Назарбаевтың БАӘ ресми сапарының қорытындылары бойынша тапсырманы орындау үшін «Біріккен химиялық компания» ЖШС Mubadalla Investment Company (БАӘ) компаниясымен өзара түсіністік туралы меморандумдарға қол қойды.
2017 жылдың мамырынан бастап қыркүйегі аралығында Жобаның алдын ала талдауы жүзеге асырылды және алдын ала ТЭН әзірленді.
2018 жылғы 24 наурызда «Біріккен химиялық компания» ЖШС мен инвестор арасында ынтымақтастықтың негізгі шарттары туралы меморандумға және Бірлесіп шығару (Joint Development Agreement) туралы келісімге қол қойылды.
«KLPE» ЖШС 2019 жылғы 26 маусымда «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ-ға сенімгерлік басқаруға берілді.
2023 жылдың наурызында «KLPE» ЖШС атауы «KMG PetroChem» ЖШС болып өзгертілді.