Компания кадр саясатының мақсаты — біздің компанияның қажеттіліктеріне, қолданыстағы заңнама талаптарына және еңбек нарығының жағдайына сәйкес персоналдың саны мен сапалық құрамын жаңарту және сақтау процестерінің оңтайлы теңгерімін қамтамасыз ету.
Біз өз қызметкерлеріміздің кәсібилігін, нәтижеге қол жеткізуге деген ұмтылысын және командада жұмыс істеуге дайындығын бағалаймыз.
Компания өз қызметкерлерінің жеке әлеуетін ашу және мансаптық өсуі үшін кең мүмкіндіктер ұсынады.
Персоналдың жемісті жұмыс істеуге, дамуға, жаңаны оқып-үйренуге дайындығы мен қабілеті — компания ұзақ мерзімді табысының кепілі. Сондықтан компания ұжымның кәсіби деңгейін арттыруға, әлеуметтік және кадр саясатының мәселелеріне көп көңіл бөліп отыр.
Компания әлеуметтік саясаты ұжымда салауатты жұмыс микроклиматын құруға бағытталған, бұл қызметкерлерге өзінің негізгі функцияларын табысты орындауға мүмкіндік береді.
Біздің компания өз қызметкерлеріне медициналық сақтандыруды, еңбек демалысы кезінде қызметкерлерді емдеу мен сауықтыруға арналған материалдық көмекті және тағы басқаларын қамтитын әлеуметтік қызметтер пакетін ұсынады.
Егер Сіз біздің басты мақсатымызға қол жеткізуге — әлемдік ауқымдағы интеграцияланған газ-химия кешенін салу және пайдалану үшін компанияның тату ұжымында құлшыныспен жұмыс істейтін болсаңыз, Сіздің жоғары біліміңіз, бейін бойынша жұмыс тәжірибеңіз бар болса, біз сіздің түйіндемеңізді қуана қарайтын боламыз.