Диянов Диаз Мұхтарұлы

Басқарма төрағасы

Білімі:

  • Қазіргі гуманитарлық академия ( Мәскеу қ.), юриспруденция бакалавры
  • Қазақстан-Ресей университеті, мамандығы - «Заңгер»
  • Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті, қаржы бакалавры

Еңбек жолы:

20 жылдан астам кәсіби тәжірибесі бар, соның ішінде 15 жылын «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ компаниялар тобында жұмыс істеуге арнады.

Еңбек жолын көліктегі орталық ІІБ инспекторы болып бастады (2003-2005 жж.).

2005-2009 жж. – Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Салық комитетінде жетекші маман, бөлім бастығы.

2009-2011жж. – «ҚазМұнайГаз Өнімдері» АҚ бақылау-тексеру жұмысы секторының бас менеджері.

2011-2017 жж – «ҚазМұнайГаз қайта өңдеу және маркетинг» АҚ-да бас маманнан бастап департамент директоры қызметін атқарды.

2016-2017 жж. – «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ дирекциясының директоры.

2017-2018 жж. – «АМӨЗ» ЖШС әкімшілік-құқықтық мәселелер жөніндегі басқарушы директоры (Басқарма мүшесі).

2018-2020 жж. – «KPI Inc.» ЖШС құқықтық қамтамасыз ету жөніндегі басқарушы директоры (Басқарма мүшесі), Басқарма төрағасының корпоративтік орталық жөніндегі орынбасары. 2020-2022 жж. – «KMG PetroChem» ЖШС департамент директоры.

2022-2025 жж.  – «KMG PetroChem» ЖШС Басқарма төрағасының бизнесті дамыту жөніндегі орынбасары – Басқарма мүшесі.

2025ж. шілдеден- қазіргі уақытқа дейін — «KMG PetroChem» ЖШС Басқарма төрағасы, Астана қ.

Азамат Ақылтайұлы Қасымов

Басқарма төрағасының орынбасары

Білімі:

  • Қазақ гуманитарлық-заң университеті, «Халықаралық құқық» бағыты

  • ҚХР СІМ Дипломатиялық академиясы, дипломатия және халықаралық қатынастар бакалавры

  • ҚХР СІМ Дипломатиялық академиясы, дипломатия және халықаралық қатынастар магистрі

Ағылшын, қытай және араб тілдерін меңгерген; дипломатиялық дәрежесі бар.

Еңбек жолы:

Жалпыазиялық ынтымақтастық департаменті Азия диалогтық форумдар басқармасының атташесі және ҚР СІМ Мемлекеттік протокол қызметінің екінші хатшысы.

2017-2019 жж. – Қазақстан Республикасының Дубайдағы (БАӘ) Бас консулдығының екінші хатшысы-консулы.

2019 ж. - 2025 ж. сәуір – Қазақстан Республикасы Президентінің Протокол қызметінде сарапшыдан сектор меңгерушісіне дейінгі жұмыс.

2025 ж. сәуір – «KMG PetroChem» ЖШС Басқарма төрағасы қызметінің техникалық сарапшысы.

2025 ж. маусым – «KMG PetroChem» ЖШС Басқарма төрағасының орынбасары.

Наградалар:

«Ерен еңбегі үшін» (2024) медалімен және басқа да мерейтойлық медальдармен марапатталған, дипломатиялық дәрежесі бар.

Ғалым Жұмажанұлы Жүкенов 

Басқарма төрағасының корпоративтік орталық жөніндегі орынбасары

Білімі:

  •  М. В. Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік университетін тәмамдаған. Экономика бакалавры және магистрі дәрежесіне ие.

Еңбек жолы:

16 жылдан астам кәсіби тәжірибесі бар, соның 13 жылы «ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ компаниялар тобында жұмыс істеуге арналды.

Еңбек жолын 2007 жылы «Қазақстанның Халық банкі» АҚ бухгалтерлік есеп әдіснамасы департаментінің менеджері болып бастады.

2008-2010 жылдары «ҚазТрансОйл» АҚ корпоративтік қаржыландыру, инвестициялық жобалар мониторингі және активтерді басқару департаментінде жұмыс істеді. 

2010-2015 жылдары «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ бюджеттік және салықтық жоспарлау департаментінің бас менеджері, директордың орынбасары қызметтерін атқарды.

2015 - 2018 жылдары  Eni S. p.A-да (Милан қ., Италия) жоспарлау департаментінің үйлестірушісі және комплаенс департаментінде комплаенс талдаушы лауазымдарында халықаралық тағылымдамадан өтті.

2018-2019 жылдары – «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ Стратегия департаментінің директоры болып жұмыс істеді.

2019-2021 жылдары - «KLPE» ЖШС (қазіргі «KMG PetroChem» ЖШС) басқарушы директор, жобаны қаржылық сүйемелдеу департаментінің директоры.

2024 жылдың қарашасынан бастап – «KMG PetroChem» ЖШС  Басқарма төрағасының корпоративтік орталық жөніндегі орынбасары.

FaLang translation system by Faboba