KMG PetroChem KIOGE 2024 іс-шарасында мұнай-газ химиясын дамыту жоспарын таныстырды
2024 жылдың 25-26 қыркүйегінде Алматыда Қазақстанның мұнай-газ саласындағы ең маңызды оқиғалардың бірі – 29-шы Қазақстандық халықаралық «Мұнай және Газ» технологиялық конференциясы – KIOGE 2024 өтті. KMG PetroChem компаниясы іс-шараға белсенді қатысып, маңызды жобалары мен стратегиялық бастамаларын таныстырды.
Ерекше назар табиғи газдан қосымша құн құру тізбегінің маңызды буынына айналатын газ бөлу кешені жобасына аударылды. Бұл жоба полипропилен мен полиэтилен сияқты болашағы зор мұнайхимия өндірістерін шикізатпен қамтамасыз ететін болады. Жобаның бірегейлігі айтарлықтай көлемдегі құрғақ газды (9 миллиард текше метрден астам) өңдеуде, оның ішінде құнды фракцияларды – этан мен пропанды бөліп алуда жатыр. Мұндай көлемдегі құрғақ газды өңдеу қуаттары және осындай құнды фракцияларды бөлу Қазақстанда әлі салынбаған.
Конференция аясында KMG Petrochem Басқарма төрағасының бизнесті дамыту жөніндегі орынбасары Диаз Диянов «Мұнай-газ химиясы» сессиясында сөз сөйлеп, Қазақстан экономикасы үшін мұнай-газ химиясының стратегиялық маңыздылығын атап өтті. Спикер Газ бөлу кешені жобасына аса назар аударды. Бұл полипропилен мен полиэтилен өндіретін зауыттарды шикізатпен қамтамасыз ететін бірегей жоба. Қазақстанда этан мен пропан секілді құнды фракцияларды бөле отырып, жылына 9 миллиард текше метрден астам құрғақ газды қайта өңдеу қуатына ие мұндай кешен әлі салынбаған.
Д. Дияновтың айтуынша, өткен жылы «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ инвестициялық портфелі тағы екі перспективалы жобамен толықты: ТФҚ/ПЭТФ және карбамид өндірісі. Бұл ірі бастамаларды іске асыру нәтижесінде 2030 жылға қарай ел экономикасына 13,6 миллиард доллар тартылып, құрылыс кезеңінде 16 мыңға жуық жаңа жұмыс орны және 2,5 мың тұрақты жұмыс орны құрылады. Бұл жобалар арқылы еліміз түрлі пластиктер мен басқа да маңызды химия өнімдерін өндіре алады, бұл мұнай-газ химиясы саласының дамуына жаңа серпін береді.
Сондай-ақ, KIOGE 2024 конференциясында мұнай-газ саласының негізгі жобаларын таныстыру барысында Диаз Диянов Қазақстанның өңдеу өнеркәсібіндегі ауқымды жоба – жылына 1 миллион 250 мың тонна полиэтилен өндіретін зауыт құрылысын жүзеге асыру барысымен таныстырды. Қазіргі уақытта құрылыс жұмыстарының бастапқы кезеңі басталды, ал зауытты іске қосу 2029 жылға жоспарланған. Зауытта полиэтиленнің ең көп сұранысқа ие 22 маркасын өндіру көзделген, олардың 40%-ы премиум санатына жатады.
Диаз Диянов Қазақстанның табиғи газды экспорттаушы елдер қатарында екенін атап өтті, 2023 жылы экспорт көлемі 1,7 миллиард АҚШ долларын құрады. Алайда, пластик жартылай фабрикаттарын импорту көлемі 0,8 миллиард АҚШ долларына, ал дайын өнімдерді импорту көлемі 1,3 миллиард АҚШ долларына жетті. Бұл елдің пластикалық бұйымдар импортына айтарлықтай тәуелді екенін және ішкі өндірісті арттыру қажеттілігін көрсетеді. Д. Дияновтың атап өтуінше, келесі маңызды кезең – ішкі сұранысты қанағаттандырумен қатар, экспорттық әлеуетті кеңейту мүмкіндігі бар дайын өнім алу үшін әрі қарай өңдеуді дамыту.