KMG PetroChem мен Теңізшевройл Атырау облысындағы газ өңдеу зауытына құрғақ газ жеткізу туралы келісті
2024 жылы 11 желтоқсанда «KMG PetroChem» ЖШС («ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ еншілес ұйымы) және «Теңізшевройл» ЖШС (ТШО) құрғақ газды сатып алу-сату туралы жаңартылған келісімшартқа қол қойды.
Бұл шикізатты жеткізуге қосымша жақсартылған кепілдіктер береді. Атап айтқанда, ТШО Атырау облысындағы газ өңдеу зауытына (ГСК) жылына 9 млрд м3 дейін құрғақ газ жеткізетін болады. Құрғақ газдан алынатын этан қуаты жылына 1,25 млн тонна полиэтилен (Атырау облысындағы «Полиэтилен» жобасы) өндіретін зауытта шикізат ретінде пайдаланылатын болады.
Газ сепарациялық кешен мен Полиэтилен өндіретін зауыт құрылысының жобалары – маңызымен қатар, ауқымы мен технологиялары бойынша ел үшін бірегей жоба. Мұндай жобалар Қазақстанда бұрын-соңды жүзеге аспаған. ГСК жобасында құрғақ газдан кем дегенде 98% этан алу көзделеді, ал полиэтилен зауыты өз кезегінде премиум сапалы өнім шығаратын болады.
«Бұрын қол қойылған келісімшарттың бірқатар талабын қайта қарау арқылы Қазақстан үшін стратегиялық маңызға ие мұнай-газ химиясы саласындағы ГСК және Полиэтилен жобаларын жүзеге асыруға бір қадам жақындадық. Бұл жобалар, ең алдымен, еліміздің одан әрі индустриялық және экономикалық дамуына бағытталған», - деп атап өтті «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ басқарма төрағасы Асхат Хасенов.
«ТШО – елдің мұнай-химия өнеркәсібін дамыту стратегиясын қоса алғанда, Қазақстан Республикасының энергетика саласына айтарлықтай қолдау көрсететін бірден-бір кәсіпорын. ГСК жобасы үшін құрғақ газды сатып алу-сату туралы жаңартылған келісімшартқа қол қою – мұнай-химия саласындағы маңызды кезең. Ал ТШО үшін бұл негізгі шикізат жеткізуші компания ретінде үшінші ірі жоба», - деді «Теңізшевройл» ЖШС бас директоры Кевин Лайон.
***
Анықтама: «KMG PetroChem» ЖШС — «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ-ның 100 пайыз еншілес ұйымы. Компания ҚМГ тобында мұнай-газ химиясы саласындағы жобаларды іске асырады жүзеге асырып, жұмысын үйлестіреді. «KMG PetroChem» қызмет аясына жобаланып отырған полиэтилен зауыты мен Газ сепарациялық кешен, сондай-ақ басқа да мұнай-газ химиясы жобалары кіреді.
«Теңізшевройл» ЖШС (ТШО) — шикі мұнай, сұйытылған газ, құрғақ газ және күкіртті игеретін, өндіретін және өткізетін қазақстандық серіктестік. ТШО заманауи технологияларды қолдана отырып, өз қызметін қауіпсіздік пен қоршаған ортаны қорғаудың әлемдік стандарттарына сәйкес жүргізеді. 1993 жылы сәуірде Қазақстан Республикасы мен «Шеврон» корпорациясы арасында ТШО компаниясы құрылды. Компанияның серіктестері Шеврон – 50%, «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ – 20%, «ExxonMobil Kazakhstan Ventures Inc.» – 25% және «Лукойл» – 5%.