«KMG PetroChem» ЖШС Басқарма төрағасы Игорь Ильиннің жетекшілігімен қазақстандық делегацияның Қытайға жұмыс сапары аясында мұнай-газ химиясы саласындағы перспективалы жобаларды дамытуға бағытталған бірқатар маңызды іскерлік кездесулер өтті.

Ханьчжоу қаласында ТФҚ/ПЭТФ жобасының әлеуетті серіктесі — ZHINK компаниясымен және оның еншілес бөлімшесі WANKAI компаниясымен кездесу өтті. Келіссөздер барысында тараптар ZHINK тарабынан зерттеу аяқталғаннан кейін осы жоба үшін бірлесіп FEED әзірлеуге келісті. Бұл жоба бойынша нақты есептеулер жүргізуге негіз болмақ және түпкілікті шешім қабылдауға мүмкіндік береді.

Бейжіңде KMG РetroСhem стратегиялық серіктесі SINOPEC компаниясымен келіссөздер жүргізіліп, онда «Силлено» жобасын іске асыру — Атырау облысында қуаты 1,25 млн тонна полиэтилен өндіру бойынша алғашқы интеграцияланған газ-химия кешенін салу мәселелері талқыланды. Сонымен қатар, тараптар Газ сепарациялық кешен, Магистральдық құбырлар салу және өндірістік объектілерді цифрландыру бойынша атқарылып жатқан іс-шаралар барысынан хабардар болды. Бұдан өзге, экологиялық сипаттамалары мен экономикалық көрсеткіштерінің оң болуы бойынша премиум нарықтарда сұранысқа ие PVA (поливинил спирті) әлеуетті жобасын ілгерілету талқыланды.

Сондай-ақ Карбамид жобасын CNPC компаниясының өкілдерімен және оның еншілес ұйымы– Қытайдың ең көне жобалау институты HQC-мен бірлесіп іске асыру мәселесі сөз болды. Кездесу барысында тараптар жобалау кезеңіне өтуге байланысты жобалық іс-шараларды іс жүзінде орындау мәселелерін нақтылап, жауапты тараптар анықталып, ашық мәселелер мен оларды шешу жолдары белгіленді. Бірлескен кәсіпорын құру туралы келісімге ҚХР көшбасшысы Си Цзиньпиннің 2025 жылғы маусымда Қазақстанға сапары шеңберінде қол қойылады деп жоспарланған.

Бейжіңде KMG РetroСhem делегациясы Қытай даму банкімен (CDB) және Қытайдың SINOSURE экспорттық-кредиттік агенттігімен келіссөздер жүргізді. «Атырау облысында бірыңғай дәлізде магистральдық құбырларды (этан, пропан) салу» жобасын қаржыландыру мәселелері талқыланды. Қаржы институттарының өкілдері ҚМГ және KMG PetroChem бірлескен тобының қарауына құжаттаманы қарау және қаражат беру кестелерін қоса алғанда, қаржыландыру бойынша өз ұсыныстарын, сондай-ақ осы мерзімдерді EPC-келісімшарт шеңберінде МҚ жобасын іске асыру мерзімдерімен синхрондауды ұсынды. Қаржыландырушы тараптардың нақты ұсынысын және жобаға тапсырыс беруші – ҚМГ ПетроХим тарапынан қажетті іс-шараларды ұйымдастыру бойынша нақты қадамдар туралы келісімдерге қол жеткізілді.

Анықтама:

ZHINK және WANKAI компаниялары – бөтелке және талшық маркаларының ПЭТФ өндірісінің әлемдік нарығында  көшбасшы. Жасанды интеллектіні барынша автоматтандыру мен пайдалануды қоса алғанда, озық технологияларды енгізе отырып, олар Қытайдағы ең үздік 500 компанияның тізіміне енеді.

FaLang translation system by Faboba