«KMG PetroChem» мемлекеттік органдармен және нарық қатысушыларымен бірге мемлекеттің инфрақұрылым жобаларында полимер құбырларды қолдану мәселесін талқылады.

              Бүгін Polytech Astana зауытының өндірістік алаңында мемлекеттік инфрақұрылымдық жобаларда полимерлі құбырларды кеңінен қолдану мәселесіне арналған көшпелі кеңес өтті. Іс-шараны Қазақстан Республикасының Энергетика министрлігінің қолдауымен «KMG PetroChem» ЖШС ұйымдастырды. 

               Қатысушылар Polytech Astana зауытына экскурсия барысында пластик құбырларды өндіру процесімен танысты. Олар Қазақстанда сумен жабдықтау, су бұру, өндірістік қажеттіліктерге арналған және басқа да мақсаттарға сай құбырлар шығаратын өндіріс желілері бар екенін атап өтті. Сондай-ақ, елімізде диаметрі 700 мм-ден асатын құбырларды да өндіруге мүмкіндік бар._mg_8892.jpg

               ҚР Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің дерегіне сәйкеес, 2025–2027 жылдарға арналған инфрақұрылымдық жобаларды іске асыру аясында ұзындығы 5 мың шақырымнан асатын 200-ден астам сумен жабдықтау және су бұру нысанын салу жоспарланған. Қолданыстағы өндірістік қуаттарды талдау нәтижесінде отандық өндірушілердің бұл жобаларды жүзеге асыруға жеткілікті ресурстары бар екені анықталды.

              Талқылауға мемлекеттік органдардың өкілдері, отандық полимерлі құбыр өндірушілері және салалық сарапшылар қатысты. Кездесудің басты тақырыбы – елдегі инженерлік желілерді жаңғыртуда полимерлі шешімдердің үлесін арттыру және оларды қолданудағы бар кедергілерді жою мәселелері болды._mg_8928.jpg

Негізгі баяндамалар:

  • ҚР Энергетика вице-министрі Ерлан Құдайбергенұлы Ақкенженов кездесуді ашып, полимерлерді терең өңдеуді дамытудағы мемлекеттік саясаттың маңыздылығын атап өтті.
  • KMG PetroChem Басқарма төрағасы Игорь Ильин компания базасында ұйымдастырылған жобалық кеңсенің жұмысы туралы айтып берді.
  • Полимерлі құбыр өндірушілер қауымдастығының атқарушы директоры Алексей Капустин саланың негізгі мәселелері мен оларды шешу жолдары туралы айтты.

Кеңесте көтерілген негізгі мәселелер: 

Әлемдік тәжірибеде полимер құбырлардың тиімділігі дәлелденген. Олардың пайдалану мерзімі ұзақ әрі пайдалану кезінде жұмсалатын шығын көлемі аз.

Нарыққа жасалған талдау нәтижесі отандық өндірушілер қуатты өндіріске ие екенін көрсетті, бірақ олардың жүктемесі 50%-дан аспай отыр.

Нарық қатысушылары мемлекеттік органдардан отандық полимерлі құбыр өндірісін қолдау шараларын қарастыруды сұрады, оның ішінде мемлекеттік сатып алуларда жергілікті өндірушілерге басымдық беру мәселесін көтерді.

Қатысушылар сапаны бақылауды күшейту және сапасы төмен өнімдермен күресу қажеттігін атап өтті.

Кездесу барысында полимерлі құбыр өнімдерінің бағасын қалыптастыру мәселелері талқыланды. Сондай-ақ, оларды мемлекеттік инфрақұрылымдық жобаларда дәстүрлі материалдарға қарағанда экономикалық және технологиялық тұрғыдан тиімді балама ретінде кеңінен қолдану мүмкіндіктері қарастырылды.

Қорытынды шешімдер және алдағы қадамдар:

  • Нарық қатысушылары отандық полимерлі құбыр өндірушілерімен ұзақ мерзімді оффтейк-келісімшарттар жасасу механизмін енгізу мүмкіндігін қарастыруды ұсынды. Бұл баға тұрақсыздығын төмендетуге, сұранысты болжау мүмкіндігін арттыруға және өндірістік қуаттардың біркелкі жүктелуін қамтамасыз етуге мүмкіндік береді
  • «KMG PetroChem» салалық қауымдастықпен бірлесіп, мемлекеттік тапсырыс берушілер арасында полимер құбырларды ілгерілетуге арналған іс-шаралар кешенін әзірлейді. Оған оқыту семинарлары, аналитикалық материалдар және басқа да ақпараттық жұмыстар кіреді.
  • Нарық қатысушылары полимер құбыр өндіруші зауыттарға аудит жүргізуге, құрылыс-монтаж жұмыстары жүріп жатқан нысандардан сынама алуға және сапасы төмен өнімдердің деңгейін төмендету бойынша іс-шаралар енгізуге дайын екенін растады.

 

Кеңес қорытындысы бойынша Қазақстанның инфрақұрылымдық жобаларында полимерден жасалған құбырларды кеңінен қолдану бағытында бірлескен жұмысты жалғастыру туралы шешім қабылданды. Бұл инженерлік желілердің пайдалану тиімділігін арттырып, мемлекеттік бюджетке түсетін жүктемені азайтуға мүмкіндік береді.

FaLang translation system by Faboba