Бейжіңде «Карбамид» және «Метанол» жобаларын интеграциялау мәселесі талқыланды

 

    Бейжің қаласында «KMG PetroChem» ЖШС, «СНПС-Ақтөбемұнайгаз» АҚ, China Huanqiu Engineering Co., Ltd. (HQC) инжинирингтік компаниясы, «ҚМГ Инжиниринг» АҚ және CPECC компаниясының қатысуымен кеңес өтті.

Кеңес барысында HQC компаниясы метанол өндірудің болашақ жобасын «Карбамид» жобасымен бір зауыт базасында интеграциялау мүмкіндігін қарастырған алдын ала техникалық-экономикалық негіздеме (алдын ала ТЭН) нәтижелерін ұсынды. Концепция жылына қосымша 80 мың тоннаға дейін метанол өндіруді, сондай-ақ карбамид өндірісін жылына 880 мың тонна деңгейінде сақтауды көздейді. Мұндай тәсіл шығарылатын өнім аясын кеңейтуге және жобаның жалпы тиімділігін арттыруға мүмкіндік береді. Зауыт жұмысына «СНПС-Ақтөбемұнайгаз» АҚ-ның инфрақұрылымдық мүмкіндіктерін пайдалану жоспарлануда.

Кеңеске қатысушылар жобалық құжаттаманы әзірлеуге қазақстандық инжинирингтік компанияларды тартудың маңыздылығын атап өтті. Бұл ұлттық инженерлік сараптаманы дамытуға және жергілікті құзыреттерді нығайтуға септігін тигізеді.

Кеңес қорытындысы бойынша «ҚМГ Инжиниринг» АҚ мен HQC арасында «Карбамид» жобасы аясында бірлескен жұмысты және басқа да перспективалы жобаларды іске асыру барысында тәжірибе алмасуды көздейтін Ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды.

FaLang translation system by Faboba