KMG PetroChem және ҚР Ұлттық ғылым академиясы елімізде карбамид өндірісін ғылыми верификациялауды бастады

 

Алматы қ.                                                                                                                                                                                                                        20.10.2025 ж.

KMG PetroChem компаниясы («ҚазМұнайГаз» Ұлттық компаниясы» АҚ-ның 100% еншілес ұйымы) Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы Ұлттық ғылым академиясымен бірлесіп, елдегі болашақ карбамид өндірісінің тиімділігін ғылыми тұрғыда дәлелдеу жобасын жүзеге асыруда.

Ынтымақтастықтың негізгі мақсаты – отандық карбамидтің агроөнеркәсіптік кешенде қолданылу тиімділігін ғылыми тұрғыда растау. Маңыздысы, бұл өзара іс-қимыл тек отандық тыңайтқыш өндірісін дамытумен қатар олардың ғылыми тұрғыда дәлелденген қолдану әдістерін енгізуге бағытталған. Бұл өз кезегінде импортқа тәуелділікті төмендетуге және аграрлық сектордың өнімділігін арттыруға мүмкіндік береді.

«Ғылым мен бизнестің үйлесімі – орнықты инновациялық дамуға бастайтын жол. Академиямен бірлескен зерттеулер бізге ғылыми тұрғыдан объективті бағалау жүргізуге және қазақстандық фермерлерді тиімді, отандық тыңайтқыштармен қамтамасыз етіп отырғанымызға көз жеткізуге мүмкіндік береді. Біздің мақсатымыз – елдің ішкі сұранысын қамтамасыз етумен қатар, озық аграрлық зерттеулер нәтижелеріне сүйене отырып, экспорттық әлеуетті арттыру», – деп атап өтт KMG PetroChem Басқарма төрағасы Диаз Диянов.dsc00351.jpg

 

 

2025 жылы ынтымақтастық аясында алғаш рет Қазақстанның түрлі агроклиматтық аймақтарында: Алматы, Қостанай, Ақтөбе және Ақмола облыстарында карбамидті  егіс алқаптарында сынау жұмыстары басталды. Жалпы көлемі шамамен 600 гектар егістік алқап қамтылды. Жиналған деректер егін жинау науқаны аяқталғаннан кейін өңделіп, тыңайтқыштарды қолданудың тиімділігін арттыру бойынша тәжірибелік ұсынымдар әзірлеуге негіз болады.

Тыңайтқыштарды қолданудың жан-жақты бағалануы мен оңтайландырылуына бағытталған ынтымақтастықты одан әрі нығайту мақсатында тараптар бүгін Қазақстан Республикасының агроөнеркәсіптік кешеніне отандық карбамидті енгізу саласындағы келісімге қол қойды. Құжат Қазақстанның түрлі табиғи-климаттық аймақтарында қосымша ғылыми-зерттеу және агродалалық жұмыстарды жүргізуді көздейді.

Келісім аясында ҚР ҰҒА карбамидтің агрономиялық және экономикалық тиімділігін кешенді бағалаумен айналысады, оған топырақ пен өсімдікке зертханалық талдаулар жүргізу, сондай-ақ ғылыми есептер мен тәжірибелік ұсынымдар әзірлеу кіреді.

Айта кету керек, карбамид – ауыл шаруашылығында қолданылатын негізгі азотты тыңайтқыштардың бірі. Болашақ зауыт жергілікті табиғи газ ресурстарын тиімді игеріп, оларды жоғары қосылған құны бар өнімге айналдыруға мүмкіндік береді. Бұл жоба импортты алмастыруға және көрші елдер нарықтарына бағытталған экспорттық әлеуетті арттыруға бағытталған.dsc00409.jpg

Анықтама үшін:

«Ақтөбе облысында карбамид өндіретін газ-химия кешенін салу» жобасы «CNPC-Ақтөбемұнайгаз» АҚ-ның ЖГӨЗ-3 базасында жүзеге асырылатын болады. Кешеннің жоспарлы қуаты – жылына 880 мың тонна карбамид. Жобаны іске асыру айтарлықтай әлеуметтік-экономикалық тиімділік әкеледі: құрылыс кезеңінде шамамен 2000 уақытша жұмыс орны, ал пайдалану кезеңінде 400 тұрақты жұмыс орны ашылады.

FaLang translation system by Faboba