KMG PetroChem: Атырау облысында этан және пропан магистральдық құбырларын салу бойынша мердігер анықталды

   «KMG PetroChem» ЖШС Қазақстанның мұнай-газ химиясы кластерін дамыту аясындағы негізгі инфрақұрылымдық жобаларының бірі – Атырау облысындағы бірыңғай торапта магистральдық құбырларды (этан, пропан) салу жобасын іске асыруды жалғастыруда.

Жоба «Теңізшевройл» ЖШС объектілерінен және газды бөлу кешенінен полиэтилен мен полипропилен өндіретін зауыттарға дейін шикізатты сенімді әрі үздіксіз тасымалдауды қамтамасыз етуге бағытталған.

EPC+F (қаржыландыруды тарта отырып, жобалау, сатып алу, салу) шарттарымен өткізілген тендердің қорытындылары бойынша ең тиімді баға, мерзім және қаржылық шарттарды ұсынған China Petroleum Pipeline Engineering Co., Ltd., CITIC Construction Co., Ltd. және «ЧППИ Қазақстан» ЖШС консорциумы жеңімпаз болып анықталды.

Жоба аясында Қытайдың Даму банкімен қаржыландыру мәселесі пысықталып, жақын уақытта тиісті заңдық құжаттарға қол қою күтілуде.

Жоба Қазақстан Республикасының заңнамасына және корпоративтік стандарттарға қатаң сәйкестікте жүзеге асырылуда. Оны іске асыру Атырау облысындағы ірі мұнай-газ-химия жобаларына шикізатты тұрақты тасымалдауды қамтамасыз етуге, сондай-ақ жаңа жұмыс орындарын құруға және өңдеуші кәсіпорындар үшін шикізат жеткізудің логистикалық тізбегінің тиімділігін арттыруға мүмкіндік береді.

FaLang translation system by Faboba