11 наурызда «KMG PetroChem» ЖШС PetroCouncil Қазақстанның Мұнай-газ кеңесімен бірлесіп   Кеңес мүшелерімен – мұнай-газ сервисінің өкілдерімен, жабдықты жеткізушілермен және мердігерлік компаниялармен бизнес-кездесу ұйымдастырды.

Бизнес-кездесуге «KMG PetroChem» ЖШС басшылығы, сондай-ақ компанияның логистика, жергілікті қамту қызметтерінің және жобалық  командаларының өкілдері қатысты. Басқарма төрағасының жобаларды іске асыру жөніндегі орынбасары Артур Қонысқалиев пен «Атырау облысындағы бірыңғай торапта магистральдық құбырлар (этан, пропан) салу» жобасының директоры Аслан Қалабаев жоба туралы егжей-тегжейлі айтып берді.

MAX 0081 resized

Талқылауға жобаларды іске асыруға тартылған мердігер ұйымдардың өкілдері де қосылды: Tecnimont, Consolidated Contractors International Company (CCIC), China Petroleum Pipeline Engineering Co. Ltd. (CPP), CITIC Construction және CPPE Kazakhstan.

Нарық тарабынан жоғары қызығушылық 60-тан астам компанияның атынан 100-ге жуық өкілдің қатысуымен расталды.

Кездесу барысында газ сепарациялық кешен (ГСК) жобасын іске асыру мерзімдері, сатып алу жоспарлары мен жеткізушілердің біліктілігін арттыру рәсімдері, жергілікті қамту бойынша талаптар, сондай-ақ қазақстандық мердігерлер мен жеткізушілердің жобаны іске асыруға қатысу мүмкіндіктері талқыланды.

Бизнес өкілдері жобаны іске асыру форматына, сатып алу және сервистік келісімшарттар бойынша орта және ұзақ мерзімді жоспарларға, логистикаға және жеткізу тізбегін ұйымдастыруға қойылатын талаптарға, сапа және өнеркәсіптік қауіпсіздік стандарттарына, сондай-ақ персоналға қойылатын талаптарға және мердігер ұйымдардың құзыреттерін дамытуға қатысты сұрақтар қойды.

MAX 0088 resized

CCIC компаниясының өкілдері қазақстандық мердігерлер мен жеткізушілерді кеңінен тартудың, сондай-ақ ГСК жобасын қоса алғанда, ірі индустриялық жобаларды іске асыру кезінде жергілікті қамтуды жүйелі түрде дамытудың маңызды екендігін атап өтті.

Сұрақтардың кейбір бөлігі магистральдық құбырларды (этан және пропан) салу жобасына, оның ішінде өндірісті оқшаулау жоспарларына, жергілікті компанияларға қойылатын біліктілік талаптарына, жабдықтарды жеткізу және сервистік қызметтер көрсету мүмкіндіктеріне, сондай-ақ қазақстандық мердігерлермен ынтымақтастықты дамытуға арналды. 

CPP/CITIC / CPPE консорциумының өкілдері газды сепарациялау кешенін өңірдің мұнай-газ химиясы кәсіпорындарымен байланыстыратын этан және пропан магистральдық құбырларын салу жобасын іске асыру туралы айтып берді.

Талқылау барысында "KMG PetroChem" ЖШС өкілдері ГСК жобалары мен магистральдық құбырлар Қазақстанның мұнай-газ химиясын дамыту үшін маңызды болып табылатынын және болашақ мұнай-химия өндірістері үшін шикізат базасын қамтамасыз етуге мүмкіндік беретінін атап өтті.

MAX 0542 resized

Кездесудің негізгі бөлігінен кейін B2B-сессия өтті, оның шеңберінде бизнес өкілдері ынтымақтастықтың перспективаларын, болашақ тендерлерге қатысуды және өзара іс-қимылдың ықтимал бағыттарын тікелей талқылай алды.

FaLang translation system by Faboba