2020, 2021, 2022 жылдар (3 жыл)«KLPE» (КейЭлПиИ) ЖШС үшін қаржылық есептілік аудиті бойынша қызмет көрсету үшін аудиторлық ұйымды таңдау процедурасын өткізетіні туралы хабарлайды.
Cатып алу «Самұрық-Қазына» АҚ Басқармасының 2016 жылғы 27 желтоқсандағы шешімімен бекітілген (№46/16 хаттама) «Самұрық-Қазына» АҚ және акцияларының (қатысу үлестерінің) елу және одан көп пайызы «Самұрық-Қазына» АҚ-қа меншік немесе сенімгерлік басқару құқығында тікелей немесе жанама түрде тиесілі ұйымдар үшін аудиторлық ұйымды таңдау тәртібіне» сәйкес жүргізіледі.
Сатып алулардың жалпы құны ҚҚС-сыз 38 500 000 теңге (3 жыл үшін). Сатып алатын қызметтердің толық тізімі, нақты ерекшелігі, көлемі және қызмет көрсету орны Аудиторлық ұйымды таңдау процедурасына қатысу өтінімінде (бұдан әрі - Өтінім) көрсетілген.
Өтінімді 2020 жылғы 01 қыркүйек 10:00 дейінгі уақытты қоса алғанда құпиялылық туралы келісімге қол қойылғаннан кейін Нұр-Сұлтан қаласы, Е-10 көшесі, 17/10, «Жасыл орам» БК, 4-қабат алуға болады. Қосымша ақпаратты 8 (7172) 613682, 8 701 963 06 65 телефонынан, www.klpe.kz сайтынан немесе Нұр-Сұлтан қ., 010000, Астана қ. E-10, 17/10, «Жасыл орам» бизнес-орталығы, 4-қабат, Этот адрес электронной почты защищен от спам-ботов. У вас должен быть включен JavaScript для просмотра.. Өтінімдерді тапсырудың соңғы мерзімі 2020 жылғы 01 қыркүйек күні сағат 15:00-ге дейін: 010000, Нұр-Сұлтан қаласы, Е-10 көшесі, 17/10, «Жасыл орам» БК, 4-қабат.
Конкурстық ұсыныстары бар конверттер 2020 жылғы 01 қыркүйек күні сағат 15:30 ашылатын болады.