«ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ Басқарма Төрағасы Мағзұм Мырзағалиев Қытайға жұмыс сапары барысында қытайлық Sinopec мұнай-химия корпорациясының президенті Юй Баоцаймен кездесті. Кездесуге сондай-ақ СИБУР басшылығы қатысты.

Тараптар ауқымды «Полиэтилен» жобасын іске асырудың мәртебесін, оның ішінде Sinopec корпорациясының жобаға заңды түрде кіру рәсімдерін аяқтауды талқылады. 2024 жыл жобаның дамуында шешуші рөл атқаратынын айта кету керек. Өйткені дәл осы жылы жоба бойынша түпкілікті инвестициялық шешім (FID) қабылданады деп күтілуде. Бүгінгі таңда жоба белсенді жобалау сатысында (EBD/FEED).

«Серіктестерімізбен жемісті келіссөз өткізгенімізді атап өкім келеді. Полиэтилен жобасын жүзеге асыру бойынша техникалық аспектілер мен ресурстарды жоспарлау мәселелерін талқыладық. Биыл түпкілікті инвестициялық шешімнің қабылдануын күтеміз, бұл — жоба үшін маңызды кезең, яғни, құрылыстың басталуына аяқ басатын бастапқы нүкте деуге болады», — деп атап өтті Мағзұм Мырзағалиев.

«Полиэтилен» жобасы «Қазақстандықтардың әл-ауқатын арттыруға бағытталған орнықты экономикалық өсу» ұлттық жобасы шеңберінде іске асырылуда. Жоба ҚМГ-нің қосылған құн тізбегінің тиімділігін арттыруды, бизнесті әртараптандыруды және көмірсутек шикізатынан өндірілетін өнімдер портфелін кеңейтуден тұратын ұзақ мерзімді стратегиялық мақсаттарына жауап береді.

Анықтама:

«Полиэтилен» жобасы Қарабатан арнайы экономикалық аймағында Теңіз кен орнына жақын орналасқан жерде қуаты жылына 1,25 млн тонна полиэтилен өндіретін зауыт салуды көздейді. Зауыт өңірдегі әлеуметтік тұрақтылықты сақтауға және жаңа жұмыс орындарын ашуға ықпал ететін болады. Атап айтқанда, құрылыс жұмыстары кезінде шамамен 8 000 жұмыс орны, ал кәсіпорын іске қосылған кезде 850-ге жуық тұрақты жұмыс орны ашылады. Елдің ішкі жалпы өнімге қосатын үлесі 1,2% деңгейінде бағаланып отыр.

Қазіргі уақытта саладағы әлемнің жетекші компаниялары — Chevron Phillips Chemical және Univation Technologies-пен MarTECH® ADL и UNIPOL™ PE Process технологияларын пайдалануға лицензиялық келісімдер қабылданды. Бұл көптеген өнім түрлерін, соның ішінде әлем бойынша тұрақты жоғары сұранысқа ие тығыздығы жоғары премиум полиэтиленді өндіруге мүмкіндік береді.

FaLang translation system by Faboba