Басқарма төрағасының бизнесті дамыту жөніндегі орынбасары — Басқарма мүшесі

Білімі:

  • Қазіргі гуманитарлық академия ( Мәскеу қ.), юриспруденция бакалавры
  • Қазақстан-Ресей университеті, мамандығы - «Заңгер»
  • Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті, қаржы бакалавры

Еңбек жолы:

20 жылдан астам кәсіби тәжірибесі бар, соның ішінде 15 жылын «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ компаниялар тобында жұмыс істеуге арнады.

Еңбек жолын көліктегі орталық ІІБ инспекторы болып бастады (2003-2005 жж.).

2005-2009 жж. – Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Салық комитетінде жетекші маман, бөлім бастығы.

2009-2011жж. – «ҚазМұнайГаз Өнімдері» АҚ бақылау-тексеру жұмысы секторының бас менеджері.

2011-2017 жж – «ҚазМұнайГаз қайта өңдеу және маркетинг» АҚ-да бас маманнан бастап департамент директоры қызметін атқарды.

2016-2017 жж. – «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ дирекциясының директоры.

2017-2018 жж. – «АМӨЗ» ЖШС әкімшілік-құқықтық мәселелер жөніндегі басқарушы директоры (Басқарма мүшесі).

2018-2020 жж. – «KPI Inc.» ЖШС құқықтық қамтамасыз ету жөніндегі басқарушы директоры (Басқарма мүшесі), Басқарма төрағасының корпоративтік орталық жөніндегі орынбасары. 2020-2022 жж. – «KMG PetroChem» ЖШС департамент директоры.

2022 жылғы сәуірден бастап – «KMG PetroChem» ЖШС Басқарма төрағасының бизнесті дамыту жөніндегі орынбасары – Басқарма мүшесі.

FaLang translation system by Faboba