PetroChem компаниясының кеңсесінде экобелсенділер, БАҚ өкілдері және қоғам белсенділерінің қатысуымен кездесу өтті. Еркін әңгіме форматындағы басқосуда компания басшылығы мен қызметкерлері жүзеге асырып жатқан жаңа жобалар, мұнайгазхимиясы саласын дамытудың перспективалары мен маңыздылығы туралы егжей-тегжейлі әңгімелеп берді. Әңгіме барысында мұнай мен газды өзімізде терең өңдеу арқылы мұнайгазхимиясы өнімдерін өндірудің Қазақстан экономикасын әртараптандыруға, әлеуметтік саланы жақсартуға қосатын үлесіне ерекше назар аударылды.
«Біздің мақсатымыз – мұнайгазхимиясы саласын экологиялық стандарттарды ескере отырып, тұрақты дамыту. Біздің жобаларымыз өзімізде бар шикізатты терең өңдеу арқылы шикізат импортынан дайын өнімді экспорттауға, отандық өнім өндіруге бағытталған», - деп атап өтті Басқарма төрағасының бизнесті дамыту жөніндегі орынбасары Диаз Диянов.
Кездесуге келгендер саланы дамытуға байланысты экологиялық-экономикалық, әлеуметтік мәселелерге және технологиялық инновацияларға қатысты сұрақтарына жауап алып қоймай, мұнай мен газ химиясы туралы қызықты деректерден хабардар болды.
Кездесу сындарлы диалогқа құрылған достық атмосферада өтті.