«Алғашқы интеграцияланған газ-химия кешенін салу. Екінші фаза (Газды сепарациялау қондырғысын салу)»
Жобаның негізгі мақсаты: «Полиэтилен» жобасын шикізатпен қамтамасыз ету үшін Теңіз кен орнының құрғақ газынан этан алу.
Жобаның қатысушылары:«KMG PetroChem» ЖШС («ҚМГ» ҰК АҚ-ның 100% еншілес ұйымы).
Іске асыру орны: Атырау облысы, ТШО аумағы.
Құрылыс кезеңі: 2025-2029 жылдар
Құрғақ газды қайта өңдеу көлемі бойынша қуаты: жылына 9,1 млрд.ст. м3.
Өндірілетін өнім бойынша қуаты: жылына 1,6 млн. тоннаға дейін (қалып.) этан; жылына 360 мың тоннаға дейін пропан.
Технологияның лицензиары: Этан алу және пропанды тазарту қондырғылары бойынша американдық UOP компаниясы.
Жұмыс орындарын құру: құрылыс кезеңінде шамамен 1600 жуық және пайдалану кезеңінде 400-ге жуық.
2024 жылға арналған жоспарлар:
- Re-FEED аяқтау;
- ЖСҚ түзетуді аяқтау;
- «Іске асыру» кезеңіне өту үшін Жоба бойынша ТИШ қабылдау.
Кешен құрылысының басталуы 2025 жылға жоспарланған.