Установка каталитического крекинга R2R АНПЗ декабрь 2017 копия

Қазақстан Республикасының Экологиялық кодексі талаптарына сәйкес 2024 жылғы 20—21 ақпанда «KMG PetroChem» ЖШС Жылой және Мақат аудандарының елді мекендерінде (Қосшағыл, Доссор кенттері), сондай-ақ Атырау қаласында ашық қоғамдық тыңдаулар өткізді. Тыңдауға жергілікті тұрғындар мен жергілікті атқарушы билік органдарының өкілдері қатысты.

Жұртшылықтың талқылауына «Атырау облысында бірыңғай дәлізде магистраль құбырлар (этан, пропан) салу» (бұдан әрі — МТ жобасы) жобасының техникалық-экономикалық негіздемесі (ТЭН) бойынша қоршаған ортаға әсерін бағалау есебі ұсынылды.

МТ жобасы сұйытылған этан және пропан фракцияларымен полиэтилен («Силлено» ЖШС жобалайтын) және полипропилен (жұмыс істеп тұрған «KPI» ЖШС) өндіретін зауыттарын қамтамасыз ету  мақсатында жүзеге асырылуда.

МТ жобасы Атырау облысындағы Теңіз кен орнында салынатын газ сепарациялау кешенінен (ГСК) Қарабатандағы  «Ұлттық индустриялық мұнай-химия технопаркі» арнайы экономикалық аумағындағы орналасқан полипропилин және полиэтилен өндіретін зауыттарға дейін бір техникалық дәлізде екі құбыр салуды көздейді.

Шикізатты құбыр арқылы тасымалдау зауыттарға жеткізу кезінде сенімділікті, үздіксіздікті және қауіпсіздікті қамтамасыз етуге мүмкіндік береді, ал МТ-ны бірыңғай дәлізде өткізу бірыңғай ілеспе инженерлік желілер мен коммуникацияларды (электр желілері, ТОБЖ, автожолдар) салу есебінен оңтайлы техникалық-экономикалық көрсеткіштерді қамтамасыз етеді.

Тыңдаулар барысында жұртшылық қоршаған ортаға әсерді бағалау (ҚОӘБ) материалдарымен танысты, атап айтқанда, «KATEK» ЖШС мамандары барлық жобалық және технологиялық шешімдер қатаң сақталған жағдайда МТ жобасының  қоршаған ортаға теріс әсері болмайтынын жан-жақты түсіндірді.

Жоба құрылысы кезінде суыққа және коррозияға төзімді, арнайы жабынмен қапталған жіксіз болат құбырлар пайдаланылады. Қауіпсіздікті арттыру үшін әр 10 км сайын 15—20 секунд ішінде  жабылатын электр клапандары орнатылады. Мұндай клапандарды барлық негізгі учаскелерде, соның ішінде темір жол, автомобиль және өзен өткелдері тұсында жиірек орнату көзделген. Құбыр трассасының бойындағы негізгі учаскелерде арнайы өткелдер салынады.

Жұртшылықты ауданның экологиялық әл-ауқатын қамтамасыз ету, құрылыс жұмыстары кезінде сумен жабдықтау және су бұруды қамтамасыз ету мәселелері, сондай-ақ елді мекендерді көгалдандыру және жергілікті тұрғындарды жұмыспен қамту секілді әлеуметтік аспектілер айтарлықтай қызықтырғанын және олардың қоғамдық тыңдауларға белсенді қатысқанын атап өткен жөн.

Тыңдау қорытындысында қатысушылар ұсынылған жобаны дауыс беру арқылы мақұлдады.

FaLang translation system by Faboba