Жобалар
«Алғашқы интеграцияланған газ-химия кешенін салу. Екінші фаза (Газды сепарациялау қондырғысын салу)»
Жобаның негізгі мақсаты: «Полиэтилен» жобасын шикізатпен қамтамасыз ету үшін Теңіз кен орнының құрғақ газынан этан алу.
Жобаның қатысушылары:«KMG PetroChem» ЖШС («ҚМГ» ҰК АҚ-ның 100% еншілес ұйымы).
Іске асыру орны: Атырау облысы, ТШО аумағы.
Құрылыс кезеңі: 2025-2029 жылдар
Құрғақ газды қайта өңдеу көлемі бойынша қуаты: жылына 9,1 млрд.ст. м3.
Өндірілетін өнім бойынша қуаты: жылына 1,6 млн. тоннаға дейін (қалып.) этан; жылына 360 мың тоннаға дейін пропан.
Технологияның лицензиары: Этан алу және пропанды тазарту қондырғылары бойынша американдық UOP компаниясы.
Жұмыс орындарын құру: құрылыс кезеңінде шамамен 1600 жуық және пайдалану кезеңінде 400-ге жуық.
2024 жылға арналған жоспарлар:
- Re-FEED аяқтау;
- ЖСҚ түзетуді аяқтау;
- «Іске асыру» кезеңіне өту үшін Жоба бойынша ТИШ қабылдау.
Кешен құрылысының басталуы 2025 жылға жоспарланған.
Атырау облысында бірыңғай торапта магистральдық құбырларды (этан, пропан) салу» жобасы (бұдан әрі — МҚ жобасы)
МҚ жобасының өтініш берушісі: «KMG PetroChem» ЖШС («ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ-ның 100% еншілес ұйымы).
Жобаның мақсаты:
- «Теңізшевройл» ЖШС объектілерінен және «Теңіз» кен орнында жобаланып отырған газ сепарациялау кешенінен (ГСК) Қарабатан «ҰИМТ» АЭА аумағында полиэтилен («Силлено» ЖШС) мен полипропилен («KPI» ЖШС) өндіретін газ-химия зауыттарына дейін магистральдық этан құбыры арқылы сұйылтылған этан фракциясын және магистральдық пропан құбыры арқылы сұйылтылған пропанды сенімді, қауіпсіз және үздіксіз құбырмен тасымалдауды қамтамасыз ету.
- қосылған құны жоғары түпкілікті газ-химия өнімін өндіру үшін жоғарыда аталған зауыттарға өнімді сепарациялау/өндіру, оны құбыр арқылы тасымалдау бойынша бірыңғай технологиялық тізбекті (ГСК жобалары — МҚ – Полиэтилен) құру.
Негізгі параметрлері:
МҚ жобасы жыл сайын 1,6 млн тоннаға дейін сұйытылған этан фракциясын және 1,0 млн тоннаға дейін сұйытылған пропанды тасымалдауды көздеп отыр. Әр құбырдың ұзындығы шамамен 210 км құрайды.
Орналасқан жері: МҚ Атырау облысының Жылыой мен Мақат аудандарының аумақтары және Атырау қаласына жатқызылған «ҰИМТ» АЭА-ға іргелес жатқан жер учаскелерінің бойымен салынатын болады.
МҚ жобасын іске асыру кезеңі: 2023—2028 жылдар.
Ағымдағы статусы:
МҚ жобасы бойынша ТЭН құжаттамасының пакетін әзірлеу аяқталды және «Мемсараптама» РМК 2024 жылғы 25 сәуірдегі оң қорытындысы алынды.
ТЭН әзірлеу шеңберінде жергілікті атқарушы және мемлекеттік органдардан қажетті келісулер мен рұқсаттар, сондай-ақ мүдделі ұйымдардан, оның ішінде «Силлено» ЖШС-дан (Полиэтилен өндіретін зауыт) және «KPI Inc.» ЖШС-дан (Полипропилен өндіретін зауыт) магистральдық құбырлардың қиылысуы мен қосылуына тиісті техникалық шарттар алынды.
МҚ жобасы бойынша алдағы қадамдар:
- МҚ жобасын іске асырудың келесі кезеңіне көшу – жобалау және салу;
- МҚ жобалау мен салуды қаржыландыруды ұйымдастыру бойынша дайындық жұмыстары.
Жоба қатысушылары: «Силлено» ЖШС (29,9% ҚазМұнайГаз; 10,1% «KMG PetroChem» ЖШС, 30% «СИБУР» ЖАҚ, 30% СИНОПЕК).
Шикізат өндіру қуаты: жылына 1250 мың тонна полиэтилен өндіру.
Жобаның құны: 7,4 миллиард АҚШ доллары.
Іске асыру орны: Атырау облысы, Қарабатандағы «ҰИМТ» АЭА аумағы.
Құрылыс кезеңі: құрылыс-монтаждау жұмыстарын аяқтау — 2028 ж., пайдалануға беру — 2029 ж.
Экспорттау нарығы: Еуропа, ТМД, Қытай, Түркия және т.б.
Шикізат: «Теңізшевройл» ЖШС кен орнынан 9,1 млрд. м3 құрғақ газдан бөлінетін жылына 1,6 млн. тонна Этан.
Жұмыс орындары: құрылыс кезеңінде шамамен 8000 адамды және пайдалану кезеңінде шамамен 800 адамды жұмыспен қамту.
Ағымдағы күйі: жобалау сатысында.
Келесі қадамдар: жобаға қатысушылардың түпкілікті инвестициялық шешім қабылдауы, құрылыс кезеңіне көшу.
Жобаның өтініш берушісі: «KMG PetroChem» ЖШС («ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ-тың 100% еншілес ұйымы).
Алдын ала құны: шамамен 1,5 млрд. АҚШ доллары (ТЭН нәтижелері бойынша нақтыланатын болады).
Орналасқан жері: Ақтөбе облысының Мұғалжар ауданы.
Іске асыру кезеңі: 2024-2029 жылдар.
Шикізат: Карбамид өндіру үшін жылына 1 млрд. м 3 дейін шикі газды өңдеу жоспарлануда.
Ағымдағы статусы: Жобаны іске асыру стратегиясын әзірлеу.
«Терефтал қышқылы мен полиэтилентерефталат өндіретін зауыт салу».
Жобаның негізгі мақсаты: полиэтилентерефталат өндірісі
Жобаның қатысушылары:«KMG PetroChem» ЖШС («ҚМГ» ҰК АҚ-ның 100% еншілес ұйымы).
Іске асыру орны: Атырау облысы, Атырау қаласы.
Құрылыс кезеңі: 2025—2029 жылдар.
Шикізат қуаты: Параксилол - жылына 400 мың тонна.
Өндірілетін өнім бойынша қуаты: Полиэтилентерефталат — жылына 735 мың тонна.
Технологиялар лицензиары: Терефтал қышқылы — KOCH Technology solutions; Полиэтилентерефталат — СНЕМТЕХ & POLYMETRIX.
Жұмыс орындарын құру: құрылыс кезеңінде шамамен 2000 және пайдалану кезеңінде шамамен 500.
2024 жылға арналған іс-шаралар.
- Рre-FS аяқтау;
- FEED ауысуы.
Кешен құрылысының басталуы 2026 жылға жоспарланған.