- «KMG PetroChem» ЖШС ENERGY TRENDS: Gas & Petrochemicals конференциясында Қазақстанда мұнай-газ химиясын дамыту жоспарларын ұсынды (Жаңалықтар) 2023-10-27
- «KMG PetroChem» ЖШС және «Сәкен Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық зерттеу университеті» КЕАҚ ынтымақтастық туралы Меморандумға қол қойды (Жаңалықтар) 2023-10-23
- ҚазМұнайГаз бен Sinopec Атырауда полиэтилентерефталат өндіруді жоспарлап отыр (Жаңалықтар) 2023-10-17
- Sinopec полиэтилен зауытын салу жобасының серіктесі атанды (Жаңалықтар) 2023-10-17
- ҚазМұнайГаз және Linde Group мұнай-газ химия саласында ынтымақтастықты кеңейтеді (Жаңалықтар) 2023-09-29
- «KMG PetroChem» ЖШС Globuc конференциясында Қазақстанда мұнай-газ химиясы саласын дамыту бойынша жоспарларын таныстырды (Жаңалықтар) 2023-09-14
- Опубликовано: 07 June 2019
2019 жылы 7 маусымда Құлсары қаласында «Атырау облысында бірінші интеграцияланған газ-химия кешенін салу. Екінші фаза (Газды сепарациялау қондырғысы мен өнім құбырларын салу)» жобасының техникалық-экономикалық негіздемесінің қоршаған әсерін алдын ала бағалау (ҚОӘБ) бойынша қоғамдық тыңдау өтті.
«КГНТ» ЖШС және «Қазэкопроект» ЖШС-мен бірге KLPE ЖШС (жобаны іске асырушы) іс-шараның бастамашысы болды. Жобаланатын объектілер «Ұлттық индустриялық мұнай-химия технопаркі» арнайы экономикалық аймағының аумағында орналасқан.
Тыңдауларға: жергілікті атқарушы органдардың (Жылыой ауданы әкімдігі), «Біріккен химиялық компания» (БХК), ҮЕҰ, БАҚ өкілдері және басқалар қатысты. Төраға болып Жайық-Каспий орталығының директоры Ш. Ізтілеуов сөз сөйледі.
«КГНТ» ЖШС және «Қазэкопроект» ЖШС мамандары тыңдауға қатысушыларға Жоба және оның қоршаған ортаға (ҚО) күтілетін әсері туралы айтып берді, жобаны салу және пайдалануға беру кезеңінде ҚО-ға әсерінің алдын ала есебін көрсетті. Сонымен, мамандардың ақпараты бойынша, құрылыс кезеңінде ҚО-ға әсер елеусіз ғана байқалатын болады, бірақ бұл ретте ШРК нормасынан (атмосферадағы зиянды заттардың шекті рауалы концентрациясы) аспайтын болады.
Жобаны таныстырғаннан кейін тыңдауларда KLPE басшылығына және жобаны әзірлеушілерге ҮЕҰ, журналистер мен жақын маңдағы аудан тұрғындары тарапынан сұрақтар қойылып, құзыретті жауаптар берілді. Сондай-ақ, Атырау облыстық мәслихатының депутаты А. Сейсеновтің пікірінше, болашақта зауыттың өнімі отандық шағын және орта бизнеске қолдау көрсетпек, дайын шикізат басқа елдерден әкелінбей, Қазақстанда сатып алынатын болады.
Тыңдаулардың қорытындылары бойынша Қоршаған ортаға әсерді алдын ала бағалау (ҚОӘАБ) жобасы жұртшылықпен мақұлданды және тиісті хаттамаға қол қойылды.
Анықтама үшін
«KLPE» ЖШС — акцияларының 99,9% иесі «Біріккен химиялық компания» ЖШС, 0,01% — «Полимерпродакшн» ЖШС болып табылады.
Қазіргі кезде KLPE ЖШС көмірсутектерін барлау, өндіру, өңдеу және тасымалдау жөніндегі қазақстандық ұлттық оператор — «ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ-ға сенімді басқаруға берді. «ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ акцияларының 100 пайызы «Самұрық-Қазына ұлттық әл-ауқат қоры» АҚ-ға тиесілі.
«Атырау облысында интеграцияланған газ-химия кешенін салу – Екінші фаза (полиэтилен)» жобасы ИИДМБ және Қазақстан Республикасында мұнай-химия өнеркәсібін дамытудың үкіметтік бағдарламасы шеңберінде әзірленуде. Жоба Қазақстан Республикасының стратегиялық инвестициялық жобалар тізбесіне кіреді.