Установка каталитического крекинга R2R АНПЗ декабрь 2017 копия

2021 жылғы 30 қарашада «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ Басқарма төрағасы Алик Айдарбаев және «Татнефть» ЖАҚ бас директоры Наиль Маганов «Бутадиен» ЖШС бірлескен кәсіпорнына қатысты Келісімге қол қойды, оның негізінде каучуктер өндіретін жоба іске асырылатын болады.

Кәсіпорынның жоспарланатын қуаты – жылына 180 мың тоннаға дейін бутадиен және бутадиен каучуктары. ҚМГ және «Татнефть» үлестері тиісінше 25% және 75% құрайды. Жобаның алдын ала құны 1 млрд АҚШ долларына жуық сомамен бағаланып отыр және тараптар жобаны қаржыландыру нұсқаларын, оның ішінде қарыз қаражаты есебінен қарастырады. Өндірісті іске қосу 2026 жылы Атырау облысындағы «Ұлттық индустриялық мұнай-химия технопаркі» АЭА аумағында жоспарланған. Жаңа өндіріс алаңында құрылыс кезеңінде 2000 жуық және зауытты пайдалану барысында 700-ден астам жұмыс орны құрылатын болады.

Шикізат Қазақстанның Теңіз және Королев кен орындарынан жеткізіледі деп болжануда. Дайын өнімді Қарағанды облысындағы шина зауытына, сондай-ақ Еуропа, Ресей, Қытай, Түркия және басқа елдерге экспортқа жіберу жоспарланып отыр. «Біздің компания Даму стратегиясына сәйкес өндірілетін өнімнің қосылған құн тізбегін кеңейтуге ұмтылады және Қазақстан Республикасында мұнай-газ-химия саласын белсенді дамытады. «ҚазМұнайГаз» және «Татнефть» бірлескен кәсіпорнын құру осының дәлелі болып табылады. Жоба Қазақстан мен Татарстан арасында серіктестікті жол қоюға ықпал жасайтынына, сондай-ақ біздің елдің экономикасын әртараптандыруға мүмкіндік беретініне сенімдімін» — деп атап өтті Алик Айдарбаев.

«Татнефтьтің» мұнай-химиясында үлкен жоспарлар және біз осы бағытты қазақстандық серіктестермен бірге дамытуға қуаныштымыз. Біз үшін Қазақстан — стратегиялық серіктес. Бізде өзара іс-қимыл тәжірибесі бар, қазір біз ортақ күш-жігермен Қарағанды облысында шина зауытын салып жатырмыз, бұл Еуразиялық одаққа қатысушы елдердің экономикалық интеграция стратегиясын іс жүзінде іске асыру. Біз Қазақстанда ауқымды инвестициялық жобаларды іске асыру үшін барынша қолайлы жағдайлар жасалғанына тағыда көз жеткіздік. Бутадиенді каучук өндіретін жаңа бірлескен кәсіпорын елдеріміздің экономикасын нығайтуға және халқымыздың әл-ауқатына ықпал ететініне сенімдімін», — деп атап өтті Наиль Маганов.

2021 жылы 5 сәуірде «ҚазМұнайГаз» және «Татнефть» арасында «Бутадиен» жобасы бойынша өзара іс-қимылдың базалық шарттары бойынша келісімге қол қою өтті. 2021 жылғы 28 сәуірде компаниялар жобаны іске асырудың жол картасын және негіздемелік шартқа қол қойды.

Alik Aidarbayev with Nail Maganov

Анықтама

«ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ

«ҚазМұнайГаз» ұлттық компаниясы» АҚ — Қазақстанның жетекші тігінен интеграцияланған мұнай-газ компаниясы болып табылады. ҚМГ көмірсутектерді барлау мен өндіруден бастап тасымалдауға, қайта өңдеуге және мамандандырылған қызметтерді ұсынуға дейінгі барлық өндірістік цикл бойынша активтерді басқарады. 2002 жылы құрылған Компания еліміздің мұнай-газ саласында Қазақстанның мүддесін білдіреді.

«Татнефть» ЖАҚ

«Татнефть» ЖАҚ — құрамында мұнай-газ өндіру, мұнай өңдеу, мұнай-газ-химия, шиналық кешен, АЖС желісі, электр энергетика, мұнай-газ саласы және сервистік құрылымдар блогына арналған жабдықты әзірлеу және өндіруді қарқынды дамытатын Ресейдің ірі мұнай компанияларының бірі.

FaLang translation system by Faboba