Установка каталитического крекинга R2R АНПЗ декабрь 2017 копия

Атырау облысында «Ұлттық индустриялық мұнай-химя технопаркі» арнайы экономикалық аймағының аумағында газ сепарациялау қондырғысы мен өнім құбырларын салу жобасы іске асырылып жатыр. Бұл Қазақстанда теңдесі жоқ мұнай-химия өнеркәсібінің объектілері.

«KLPE» ЖШС Басқармасының төрағасы Әлжан Имашев 2020 жылдың 7 ақпанында ұжыммен кездесуінде 2019 жылдағы жоба бойынша жұмыс қорытындысын жүргізіп, жетістіктерді атап өтті және алдағы жылға арналған міндеттер белгіленді.

Ә.Имашев өзінің сөйлеген сөзінде газ сепарациялау қондырғысы мен өнім құбырларын салудың екінші фазасының жобасы бойынша дайындық жұмыстарының барысына толық тоқталып өтті, болашақтағы өндірістің бірегейлігі жайында айтып берді, Атырау өңірі және жалпы алғанда ел үшін жобаның әлеуметтік маңыздылығын атап өтті, оны іске асырудан болатын болжамды экономикалық нәтижені көрсетті.

KLPE ЖШС басшысы болашақ құрылысты білікті кадрлармен қамтамасыз етудің негізгі міндетіне егжей-тегжейлі тоқталды. Тиісті дағдылары бар қызметкерлерді даярлау мақсатында 2019 жылы кәсіби тренингтер, арнайы бағдарламаларға оқыту, біліктілікті арттыру курстары ұйымдастырылды. Бизнес-процестерді жақсарту және алға қойылған міндеттерге қол жеткізу мақсатында KLPE-де озық тәжірибеге сәйкес бәсекелестік стратегиясы әзірленуде.

Басқарма төрағасы 2020 жылы KLPE ЖШС-ның даму жоспарлары мен перспективаларын жүйелі түрде іске асыруға ерекше назар аударды, жобаның қатысушыларына барлық қойылған мақсаттарға қол жеткізуіне тілегін білдірді.

Анықтама үшін

«KLPE» ЖШС акцияларының 99,9%-ының иесі «Біріккен химиялық компания» ЖШС, 0,01% — «Полимерпродакшн» ЖШС болып табылады.

KLPE ЖШС акцияларының 100%-ы 2019 жылдың шілдесінде «ҚазМұнайГаз» ұлттық компаниясы» АҚ сенімгерлік басқаруына берілді. «ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ акцияларының 100 пайызы «Самұрық-Қазына ұлттық әл-ауқат қоры» АҚ-ға тиесілі.

FaLang translation system by Faboba