Установка каталитического крекинга R2R АНПЗ декабрь 2017 копия

KLPE компаниясының Басқарма төрағасы Әлжан Имашев бастаған делегациясы Атырау МӨЗ-і мен KPI ЖШС-ға барды. АтырауМӨЗ-дегі кездесу барысында KLPE өкілдеріне мұнай-химия өндірісінің дамуы туралы (параксилол мен бензолды шығару), зауытты жаңғыртудың өткен үш кезеңі туралы және жаңғыртудан кейін зауытта пайда болған бірегей өнім — Khazar-32 төмен қататын дизельдік отыны жөнінде айтып берді.

Бұдан әрі делегация КРІ компанияның басшылығымен кездесті және «Ұлттық индустриялық мұнай-химия технопаркі» арнайы экономикалық аймағының аумағында орналасқан Интеграцияланған газ-химия кешені (І фаза — полипропилен өндірісі) құрылысының барысымен танысты. Оның құрамына LummusTechnology лицензияланатын технологиясы бойынша салынатын пропанды сутексіздендіру (PDH), пропиленді полимерлеу (PP) технологиялық қондырғылары және инфрақұрылымның 32 ірі объектісі кіреді. Өндірістің қуаты жылына 500 мың тонна полипропиленді құрайды.

Өз кезегінде, KLPE өкілдері мұнайшы-химияшыларға Қазақстан Республикасының стратегиялық инвестициялық жобалар тізбесіне кіретін және Индустриялық-инновациялық дамытудың мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде әзірленетін «Атырау облысында интеграцияланған газ-химия кешенін салу — Екінші фаза (полиэтилен)» жобасы жайында айтып берді.

Жоба шеңберінде ішкі және сыртқы нарықтарға өткізу үшін жылына қуаты 1,25 млн.тонна ірі тонналық полиэтиленді өндіру жоспарланып отыр. Шикізат ретінде Газды сепарациялау қондырғысында талап етілетін көлем мен сапаға дейін дайындалатын мұнай-газ кен орындарынан алынатын газ пайдаланылады. Полиэтилен базалық өнім болып табылады және өнеркәсіптік және халық тұтынатын тауарлардың (құрылыс материалдары, құбырлар, санитарлық-техникалық бұйымдар, үлдірлер, медицина, әртүрлі техника, пеноэтилен және басқа өнімдер) кең спектрін шығару үшін кең таралған және кеңінен қолданылатын полимер болып табылады.

Кәсіпорындарға барудың қорытындылары бойынша тараптар компаниялар арасында ынтымақтастық пен өзара тәжірибе алмасудың перспективалары айтылды.

Анықтама үшін

«KLPE» ЖШС — акцияларының 99,9% иесі «Біріккен химиялық компания» ЖШС, 0,01% — «Полимерпродакшн» ЖШС болып табылады. Қазіргі кезде KLPE ЖШС көмірсутектерін барлау, өндіру, өңдеу және тасымалдау жөніндегі қазақстандық ұлттық оператор — «ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ-ға сенімді басқаруға берді. «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ акцияларының 100 пайызы «Самұрық-Қазына ұлттық әл-ауқат қоры» АҚ-ға тиесілі.

«Атырау облысында интеграцияланған газ-химия кешенін салу — Екінші фаза (полиэтилен)» жобасы ИИДМБ және Қазақстан Республикасында мұнай-химия өнеркәсібін дамытудың үкіметтік бағдарламасы шеңберінде әзірленуде. Жоба Қазақстан Республикасының стратегиялық инвестициялық жобалар тізбесіне кіреді.

FaLang translation system by Faboba