- Опубликовано: 27 October 2023
Бүгін Астанада республикада газ өндіру, өңдеу, тасымалдау және сақтау саласындағы жаңа күрделі жобаларға арналған Energy TRANS: Gas&Petrochemicals бірінші конференциясы өтті.
Қазақстан Республикасында газ химиясын одан әрі дамытуға арналған панельдік сессияда «KMG PetroChem» ЖШС Басқарма төрағасының орынбасары Диаз Диянов компанияның ағымдағы және перспективалы мұнай-газ химиясы жобаларымен таныстырды.
Баяндамашы атап өткендей, KMG PetroChem өзімізде бар шикізат ресурстарын монетизациялап, елімізді әлемде жоғары сұранысқа ие негізгі полимерлермен қамтамасыз ету мақсатында газ сепарациялау кешені, магистральдық құбырлар және полиэтилен сияқты ірі мұнайгазхимиясы жобаларын іске асыру бойынша жұмыстар жүргізуде, сондай-ақ болашақта ТФК/ПЭТФ және азотты тыңайтқыш карбамидті өзімізде өндіру де жаңа жоба ретінде қарастырылуда.
Диас Диянов газ сепарациялау кешенін салу жобасына да тоқталды. Бұл жылына 9,1 миллиард текше метр құрғақ газды қайта өңдейтін қуаттылығы жоғары Қазақстандағы алғашқы жоба болмақ. Осының арқасында Қазақстан құнды фракциялары бар газды құр босқа жағудан оны қайта өңдеуге көшеді. ГСК-дан алынған этан жылына 1,6 млн тоннаға дейінгі көлемде полиэтилен өндірісіне бағытталады.
Қазақстанда полимер түрлерін өндіру шағын және орта бизнес үшін жаңа мүмкіндіктер ашады, себебі олар тұрмысқа және өнеркәсіпке қажет бұйым өндіруді жолға қоя алады. Бұл жаңа жұмыс орындарының көптеп ашылуына да септігін тигізеді.
Анықтамалық ақпарат
«KMG PetroChem» ЖШС (бұрынғы «KLPE» ЖШС) — «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ-тың 100 пайыз еншілес кәсіпорны. Кәсіпорын ҚМГ тобында мұнай-газ химиясы (МГХ) саласындағы жобаларды іске асырып, үйлестіреді. «КМG PetroChem» жобаланып отырған полиэтилен зауыты мен газ бөлу кешеніне, сондай-ақ МГХ саласындағы басқа да жобаларға жауапты.
Газ сепарациялау кешені құрылысы ел экономикасы үшін тиімді. Ол газ құрамындағы этан мен пропанды айырып алады, ал этан мен пропан – мұнай-газхимиясы үшін қажетті құнды фракциялар және олар қосылған құны жоғары өнімге айналады, ал тұтынушыларға қоспалардан тазартылған, құрамы 100% метан, экологиялық таза газ ұсынылады. (құрамы тазартылмаған газды жағу – адам денсаулығына зиян).
Магистральдық құбырлар — KMG PetroChem пропан және этан шикізатын полипропилен және полиэтилен өндіретін зауыттарға жеткізудің сенімділігін, үздіксіздігін және қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында ұзындығы 210 км магистральдық құбыр жобасын жүзеге асыруда.
Полиэтилен — әлемдегі ең сұранысқа ие полимер, тұтыну мөлшері жылына 100 миллион тоннадан астам. Полиэтиленге сұраныстың жоғары болуы тұрмысқа және өнеркәсіпке қажетті тауарлардың көп түрі осы полиэтиленнен жасалады. Мысалы, полиэтилен құбырлары, құрылыс материалдары, ғарыш кемелерінің ішкі қаптамасы.
ТФК/ПЭТФ — механикалық беріктігі мен соққыға, деформацияға, органикалық еріткіштердің әсеріне төзімділігі жоғары полимер. Температура диапазоны -40 С-тан +60 ° C-қа дейін. Қолдану аясы өте кең: сусындар мен тамақ өнімдеріне арналған қаптамалар, маталар, техникалық жіптер, рентген пленкасы, автокомпоненттер, медициналық бұйымдар жасалады.
Карбамид — азотты тыңайтқыштың бұл түрі Қазақстанда үлкен сұранысқа ие және қазір көп көлемде импортталуда. Сақтау, тасымалдау жолдары жеңіл және өсімдік тез сіңіретіндіктен, оны қолдану өте тиімді