- Опубликовано: 21 February 2024
2024 жылғы 16 ақпанда Атырау қаласында «PetroPolymers & PetroChemicals-2024» салалық форумы өтті, онда мемлекеттік және квазимемлекеттік органдардың, мұнай-газ компанияларының, халықаралық ұйымдардың және мұнай-газ химиясы саласындағы сарапшылардың өкілдері жиналды. Бұл іс-шара мұнай-газ химиясы жобаларын оқшаулау және полимерлерді қайта өңдеу индустриясын қолдау стратегиялары туралы диалог үшін негізгі алаңға айналды.
Форум аясында «KMG PetroChem» ЖШС Басқарма төрағасының орынбасары Д. Диянов компанияның 2023 жылғы атқарған жұмысының нәтижелерімен бөлісті, сондай-ақ ағымдағы жылғы жобалар бойынша негізгі бағыттарды ұсынды. Спикер , қосылған құны жоғары өнімді жасаудың және экспорттық әлеуетті кеңейтудің маңыздылығын көрсете отырып, Қазақстанның мұнай-газ химиясы саласындағы елеулі перспективаларын атап өтті.
Полиэтилен жобасы бойынша стратегиялық серіктестер тартылып, 2024 жылы жобалауды аяқтау жоспарлануда. Оның нәтижелері бойынша Жоба қатысушыларының түпкілікті инвестициялық шешім (FID) қабылдауы күтіледі. Жобаны қажетті шикізатпен (жылына 1,6 млн тонна көлемінде этанмен) қамтамасыз ету үшін «KMG PetroChem» ЖШС «Газ сепарациялау кешенін салу» жобасын іске асыруда. Қазіргі уақытта өзара іс-қимылдың негізгі аспектілері бойынша ТШО-мен уағдаластықтарға қол жеткізілді. Ағымдағы жылы барлық жобалау жұмыстар аяқталады деп күтілуде, содан кейін FID қабылданатын болады.
Өткен жыл ТФҚ/ПЭТФ және Карбамид сияқты перспективалық жобаларды қосу арқылы компания портфелінің кеңеюімен ерекшеленді. Инвестициялық шешім қабылданған жағдайда ТФҚ/ПЭТФ жобасын ПЭТФ қайта өңдеу үшін мүмкіндіктерді қоса алғанда, озық әлемдік экологиялық тәжірибелерді ескере отырып іске асыру жоспарлануда.
Энергетика министрлігінің Қазақстан саласының МГХ саласын дамыту және заңнаманы жетілдіру жөніндегі кешенді жоспарына бастамашылық жасау, оның ішінде «Мұнай-газ-химия өнеркәсібі туралы» ҚР Заңын әзірлеу жөніндегі саясатына қолдау білдіре отырып, «Біздің жобаларымызды іске асыру тек экономикалық өсуге ғана емес, сонымен бірге жаңа жұмыс орындарын құруға, Қазақстан мен өңірлерді дамытуға, халықтың өмір сүру сапасын арттыруға ықпал етеді», — деп атап өтті Д. Диянов.
«PetroPolymers & PetroChemicals-2024» форумы болашақ даму бағыттарын белгілеп, Қазақстанның мұнай-газ химиясы секторындағы барлық мүдделі тараптар арасындағы ынтымақтастықты жалғастырудың негізін қалаған, сала үшін басты оқиғаға айналды.