- Опубликовано: 26 May 2024
26 мамырда Астанада «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ Басқарма төрағасының орынбасары Дастан Абдулғафаров S&P Global компаниясы ұйымдастырған «Astana Energy Forum» халықаралық форумының «Энергетикадағы өңірлік трендтер» панельдік пікірталасына қатысты.
Пленарлық отырыста сөйлеген сөзінде, ол геологиялық барлауды дамыту перспективалары мен компанияның жоспарлары, инвесторлар тарту және мұнай-газ химиясын дамыту туралы айтты.
«Біздің бірінші стратегиялық мақсатымыз ‒ геологиялық барлау жұмыстары мен қорларды ұлғайту, бұл ҚМГ құнын арттырудың бүкіл тізбегіне әсер етеді. Бүгін ҚМГ жаңа инвестициялық циклге өтуде", - деп атап өтті Д.Абдулғафаров.
Бұл ретте ҚМГ төрағасының орынбасары компанияның 2024 жылы екі терең ұңғыманы бұрғылауды бастауды жоспарлап отырғанын да атап өтті.
ҚМГ Басқарма төрағасының орынбасары болашақта ҚазМұнайГаз өсуінің жаңа нүктесі болуға тиіс мұнай-газ химиясы жобаларына тоқталды.
«Қазақстанның мұнай-химия саласының инвестициялық тартымдылығы өте жоғары және ҚМГ осы «мүмкіндіктер терезесін» - болашақта өсудің жаңа нүктесі ретінде пайдаланады», - деп атап өтті Дастан Абдулғафаров.
Тақырып бойынша жетекші әлемдік сарапшылардың қатысуымен мұнай-газ саласындағы өзекті мәселені талқылау үшін ашық платформа ұсынатын S&P Global компаниясы ұйымдастырған «Astana Energy Forum» халықаралық форумы - саладағы маңызды оқиға.