- Опубликовано: 09 June 2023
ҚР Экология кодексі 73-бабының талаптарына сәйкес «KMG PetroChem» ЖШС 2023 жылғы 07 маусымда Құлсары қаласында «Газ бөлу кешенін салу» жобасын іске асыру кезінде қоршаған ортаға ықтимал әсерлері туралы ашық қоғамдық тыңдаулар өткізді.
Тыңдаулар Жылыой ауданы әкімдігі өкілінің төрағалығымен мүдделі мемлекеттік органдардың, экологиялық үкіметтік емес ұйымдар мен жергілікті халықтың қатысуымен өтті.
KMG PetroChem өкілдері жұртшылықтың барлық маңызды сұрақтарына жауап берді. Атап айтқанда, ауданның экологиялық жағдайын жақсарту, сумен жабдықтау және су бұру, негізгі көздерге шығарындылар мониторингінің автоматтандырылған жүйелерін орнату, ең үздік қолжетімді техникаларды енгізу және Каспий теңізінде жобаға әсер ету бойынша мәселелер талқыланды.
Бұдан басқа, ГСК үшін білікті кадрларды дайындау шеңберінде жергілікті тұрғындарды жұмысқа орналастыру және оларды оқытуға қатысты әлеуметтік мәселелер бойынша түсіндірулер өткізілді.
Осылайша, Құлсары қаласының белсенділері егжей-тегжейлі қарастырғаннан кейін жобада ескерілетін, өңірдің қоршаған ортаға теріс әсерін азайту жөніндегі қажетті шаралар туралы жобалау инженеріне ұсыныстар мен ескертулер енгізу мүмкіндігіне ие болды.
Қоғамдық тыңдаулардың қорытындылары бойынша мақұлдау алды және тыңдаулар ресми түрде өткізілді деп танылды.