- Опубликовано: 03 June 2023
«KMG PetroChem» ЖШС мен «Теңізшевройл» ЖШС 2023 жылғы 1-2 маусымда «Газ бөлу кешенін салу» жобасын (бұдан әрі – ГБК) іске асырудың келісімшарттық стратегиясы бойынша семинар өткізді.
Іс-шара әртүрлі келісімшарттық стратегияларды талқылауға, болжалды тәуекелдерді модельдеуге, сондай-ақ «БКЖ» жобасы аясында «Теңізшевройл» ЖШС тәжірибесін қарауға арналған.
Бұдан басқа, құрылыс үшін мердігерлерді таңдау өлшемшарттары және ГБК жобасын іске асыру жөніндегі одан арғы қадамдар егжей-тегжейлі қаралды.
Кездесу қорытындылары бойынша тараптар ГБК жобасын іске асыру және тәжірибе алмасу бойынша ынтымақтастықты жалғастыруға уағдаласты. Келесі жұмыс кездесулері жоспарланды.
ГБК — полиэтилен өндіретін зауытты салу жобасын шикізатпен (этанмен) қамтамасыз етуге арналған инфрақұрылымдық объект екенін естеріңізге саламыз. Оның құрылысын Теңіз кен орнының аумағында жүзеге асыруды көзделіп отыр.